Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Састөбе мен Түлкібас кентіндегі және Майтөбе ауылындағы ауруханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастыратын болады

Өздеріңізге белгілі ауданымызға қарасты Састөбе, Түлкібас кенті мен Майтөбе ауылының тұрғындары тарапынан аталған елді мекендердегі аурухана жұмысын тәуліктік стационардан күндізгі стационарға ауыстыруға қарсылық білдірген болатын. Аталған мәселені тұрғындардың өтініші негізінде оңтайлы шешу мақсатында бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Х.Байысбаев, аудандық прокуратураның аға прокуроры З.Юсупов, аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова, ауыл,кент әкімдірі мен мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығы тоқтатылып, үш елді мекендегі аурухана қалыпты режимде өз жұмыстарын жалғастыратын болды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«Түркістан қаласы әкімдігі алаяқтармен ауыз жаласып отыр» – Депутат жемқорлыққа көз жұмған шенеуніктерді сөкті

admin

ШЫМКЕНТ: Коммерциялық нысандаржың жарнамалық жазбаларын заңға сай жазылуын қадағалауға алды

admin

«Тамғалы тас» шатқалы тазаланды

admin