ШЫМКЕНТ: Коммерциялық нысандаржың жарнамалық жазбаларын заңға сай жазылуын қадағалауға алды

Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

“Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер” басқармасы және “Еңбекші ауданы әкімі аппаратының” қызметкерлері тарапынан коммерциялық нысан иелеріне сыртқы жарнаманың “ҚР Тіл туралы заңына” сай жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуі өз жалғасын тапты. Еңбекші ауданы, Ш. Уалиханов көшесі бойындағы бірқатар коммерциялық нысандар жарнамалық жазбаларының заңға сай жазылуын қадағалауға алған қызметкерлер заңға қайшы іс-әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке алып келуіне мүмкін екенін атап өтті. Бұған қоса, “ҚР Тіл туралы заңының” толық мәтінімен онлайн платформаларда танысып шығу жолдарын көрсетті.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сыртқы жарнама мәтінінде грамматикалық немесе стилистикалық қате байқаған болсаңыз +7 778 555 35 46 WhatsApp нөміріне фото/видео дәйек пен нысанның нақты мекен жайын жіберулеріңізді сұранамыз.

ПІКІР ЖАЗУ