Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Отбасылық құндылықтарын жастарға насихаттау, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында Мақтаарал ауданы полиция бөлімінде абыройлы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан Асқар Төлегенұлының шаңырағында болдық.

Елу жылға жуық бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп келе жатқан Асқар Төлегенұлы мен Қалдыкүл Әліпбайқызы бүгінде 2-ұл, 4-қыз тәрбиелеп, немере-шөберелердің алдында қызыққа толы ғұмыр кешіп келе жатқан бақытты отбасы.

Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр тұлғалардың болғаны ақиқат. Батылдық, табандылық, инабаттылық, үлкенді силау, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұл нағыз ата-ананың еңбегі екені даусыз.

Міне осындай өз елінің нағыз патриоты адал офицер Мақтааарал аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Ерлан Төлеген осы ата -анадан тәлім алған ержүрек азамат.

Алтын асықтай ұлды дүниеге алып келіп, асыл азамат етіп тәрбиелеп, отанға қызмет етіп, халық алдындағы борышын абыроймен атқаруға бастаған Асқар ағамыз бен Қалдыкүл анамызға шынайы құрмет көрсетіп, отбасына бақ -береке, ұзақ ғұмыр тілеп, сый сыяпат табыстадық.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандық спортшыға «Қазақстанның Еңбек ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды

admin

Жетісудың Қытаймен тауар айналамы 2 трлн-ға жуықтады

admin

Шымкентте 1300-ден астам азаматқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді

admin