Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада жылу қашан өшіріледі?

Астанада күн жылыды, осыған орай тұрғындарда «жылу қашан өшіріледі?» деген сұрақ жылда қайталанады. BAQ.KZ тілшісі осы мәселеге қатысты Астана әкімдігіне арнайы сауал жолдады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жылыту маусымының аяқталуы нақты ауа райына байланысты анықталады.

Елордада жылыту маусымы даладағы ауа температурасы қатарынан 5 күн бойы +10°С және одан жоғары болған кезде аяқталады. Сол кезде жергілікті атқарушы орган жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды, — деп мәлімдейді әкімдік.

Осылайша қаладағы ауа температурасы бірнеше күн бойы тұрақты түрде +10°С немесе одан жоғары болғанда ғана жылу жүйесі ажыратылады. Бұл шешім тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданады.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл: жылыту маусымына толығымен дайын болуымыз керек

admin

10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен өткен кездесу

admin

Ордабасы: білім саласының ардагерлері марапатталды

admin