Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Депутаттар сайлауалды бағдарламаның нәтижелі орындалуын тексерді

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері Бақыт Қыдырбаев, Мұрат Жолдыхожаев, Ләзиз Сүлейменов және Талғат Балтабаев Еңбекші ауданы әкімінің ағымдағы жылдағы атқарылып жатқан жұмыстарына байланысты 11 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Арнайы мониторинг барысында депутаттар РК-3 жылу қазандығының қысқы маусымға дайындығын, балалар ойын алаңшасының құрылыс барысын, сондай-ақ, №46 және №38 мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарымен танысты. Мониторинг тобының өкілдері бірқатар мәселелер бойынша түсіндіру шараларын жасады.

Сонымен қатар, Ұлағат ш/а мектеп жері және кәріз жүйесінің сапасын тексерген депутаттар жақында қолданысқа берілетін сквердің құрылыс барысымен де жіті танысып шықты.

Аудан аумағындағы ирригация құрылысын, Жалын тұрғын алабындағы Текесу көпірінің құрылысын, Шаңырақ шағын ауданындағы ГЧП аясында Дәрігерлік амбулатория мен Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектебіне қосымша құрылыс нысандарын аралады.

Өз кезегінде депутаттар құрылыс саласының үнемі партия бақылауында болатынын ескертіп, сала мамандарына аталған нысандардың жұмысын назарға алатынын жеткізді.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының нәтижелі орындалуы – басты міндет.

 

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық талапқа сай жүруде

admin

Қазығұрт: кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардаң қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу

admin

Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді – Президент

admin