Шетелдікті пышақтаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті.

Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ. Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді министр.

Істі тергеу барысын министр өз бақылауына алды. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталады. Барлық кінәлі заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жанармай құю станциясында мотоцикл жүргізушісін ер адам пышақтап кеткенін жаздық. Жәбірленуші Меркі аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. 

ПІКІР ЖАЗУ