Астана қаласында 28 сәуірден бастап оқушылар мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады.
Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді.
Картаны дайындау құны – 1200 теңге.
Өтінім беру тек онлайн форматта https://transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Рәсімдеу үшін мәліметтерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алу үшін ыңғайлы пункті (жақын аудан әкімдігі) таңдау қажет.
Қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың 6 аудандық әкімдігінде дайын карталарды беру орындары ұйымдастырылды. Дайын болған карталар сонда жіберіледі.
Картаны пайдаланушы өтінім беру кезінде таңдалған тиісті аудандық әкімдіктен алады.
LRT атаулы көлік картасы тек LRT-мен жүруге арналған және қалалық бағдарларға жарамсыз.
Басқа жолаушылар үшін жол жүруге арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін станцияларда қолжетімді болады. Сондай-ақ, кассаға жүгінбей турникеттерден өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері қарастырылған. Төлем тәсілдері туралы қосымша хабарланады.
