Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігірлер БАӘ делегециясымен кездесті

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков Біріккен Араб Әмірліктерінен келген медицина саласының мамандарымен кездесті. Жүздесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, ана мен бала денсаулығын қорғау, перинаталдық қызметті дамыту, заманауи медициналық технологияларды енгізу және тәжірибе алмасу бағыттары қарастырылды.

Іс-шара аясында шетелдік мамандар қалалық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысып, бөлімшелерді аралады. Орталықтың материалдық-техникалық базасы мен медициналық қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасуды жалғастыруға уағдаласты.

Мұндай халықаралық әріптестік өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға оң әсер етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Келес: қайың өркендерін контейнер ыдыстарға бөліп өсіруде

admin

Арыс: ҚР су ресурстары және ирригация министрі Арыста болды

admin

МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ

admin