Сарыағаш: ҚР «Тәуелсіздік күні» және «Прокуратура күні» мерекелеріне орай спорттық ойындардың жарысы болып өтті
Қазақстан республикасының «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» және «6 желтоқсан – Прокуратурасы күні» мерекелеріне орай спорттың үстел теннисі және волейбол түрлерінен мекеме аралық жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Арман Абдуллаев ,аудандық мәслихат төрағасы С. Тасқұлов, Сарыағаш гарнизонының прокуроры Ғ. Төребаев сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
-Сіздерді келе жатқан «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Көк туымыз биікте самғай берсін. Сонымен қатар, құрметті прокуратура қызметкерлері сіздерді , келе жатқан «6 желтоқсан – ҚР Прокуратурасы күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Баршаңызды денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауларында салауатты өмір салтын ұстануға үнемі шақырып келеді.
Мемлекет үшін маңызды қызметте жүріп, бұқаралық спортпен айналысып, спортты серік еткен сіздерге алғысымды білдіремін. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, -деп аудан басшысы жылы лебізін білдірді.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
I орын «Аудан активі»,
II орын «Білім саласы» ,
III орын «Сарыағаш шекара басқармасы» командалары иеленді.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.