Сарыағаш: аудан әкімі мектеп құрылысының жұмысымен танысты

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатқан Сарыағаш қаласындағы  №2 А.Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бүгінгі таңда, мектептің қазан шұңқырын қазу жұмыстары аяқталып, нысанның іргетасын көтеру жұмыстары жүргізілуде.

— «Жайлы мектептің» ерекшелігі — мектепте оқушы үшін де, мұғалім үшін де жан-жақты қолайлы жағдай жасалады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спортзалдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылады.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ