Саптық тексеру шарасы Сауранда өтті

Полицейдің жинақы және ұқыпты сырт келбеті азаматтардың полицияға деген сенімінің артуына, полицияның оң имиджінің қалыптасуына тікелей ықпал тигізері сөзсіз. Осы орайда Сауран ауданы полиция бөлімінің саптық алаңында жеке құрам қызметкерлерін толық жинап, саптық тексеру өткізілді.

Саптық тексеруде Мемлекеттік туды көтеріп, Мемлекеттік гиминді орындалды. Сондай-ақ Полиция қызметкерлері сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты болуына және нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуына басты назар аударылды.

Өз кезегінде тәртіп сақшыларының қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің түгелдігі мен жұмыс істеп тұруы тексерілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ