Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адамның ісі әшкере болды

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай, жұмыссыз күдікті ер адам танысына «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 200.000 теңге ақшасын алып, алдап келген. Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың 2 фактісіне қатыстылығын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден астам. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Ауылдың ажарын ашатын нысандардың құрылысы – партия бақылауында

admin

Шымкентте жем сақтайтын қойма отқа оранды

admin

Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

admin