Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полиция 250 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2024 жылдың 9 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 629 деректі анықтады. Оның 35-і есірткі сату, 67-сі заңсыз егу, 10 жайты аса ірі көлемде есірткі сақтау. Сондай-ақ 1 есірткі лабораториясының жұмысына тосқауыл қойылды.

Жалпы заңсыз айналымнан 250 келіден астам марихуана мен 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Мәселен «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолы бойында «Форд» автокөлігі тоқтатылып, Шымкент қаласының тұрғынынан 79 келі кептірілген марихуана тәркіленіп, күдікті қамауға алынды.

Есірткі жарнамалау, граффити жазулары бойынша 8 дерек тіркеліп, есірткі жарнамалаушы 94 ақпараттық сайт бұғатталды. ҚР ІІМ-нің тікұшағымен есірткі алқаптарында әуемен барлау жұмыстары жүргізіліп, 63 дерек анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Тұрғындарды баспанамен қамту жолындағы ізденістерді тоқтатпаймыз – Дархан Сатыбалды

admin

Алматыда жер сілкінісінен кейін жер үй алатындар көбеймеген

admin

Шымкентте қуаттылығы 36 МВт қосымша станция пайдалануға берілді

admin