Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

 Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Қазақстан Республикасы Полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай, шаһардағы полиция басқармасына арнайы барып, құқық қорғау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Түркістан қалалық жергілікті полиция қызметкерлері, пробация қызметі бөлімі мен желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне мереке қарсаңында алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Құттықтау сөзінде шаһар басшысы: «Полиция — халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалайтын Сіздерге тынышытығымыз бен бейбіт өмірімізді сақтап, тіршіліктің сақшысы бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Ел үшін атқарар абыройлы істеріңіз көп болсын» деді.

Сәйкес жаңалықтар

Астанадағы авиациялық бөлімде Жеңіс күні ауқымды Ашық есік күнімен аталып өтті

admin

100 жастағы кейуана немерелерімен бірге науқанға қатысты

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАР РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ

admin