Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Туған өлке тарихы» атты интеллектуалдық 1/4 финалдық ойындары болып өтті.

Төлеби ауданына 90-жыл толуына орай аудандық әкімдік пен аудандық маслихаттың қолдауымен ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды ойынның 1/8 кезеңінен жолдама алған 8 команда арасында 1/4 финалдық ойыны болып өтті.

Төлеби бабамыздың тарихи болмысын, өмірі мен ілімін ауданға өз деңгейінде танытып, өсиетті сөздерін насихаттау мақсатында өткен сайыста 8 команда өзара бір-бірімен бақталасты. Сайыс 2 кезеңнен тұрып, бірінші кезең аудан тарихы, жер-су атауларынан сұрақтар қойылса, екінші кезең Төлеби бабаның өмірлік жолы, өсиетті сөздеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сайысқа түскен жалпы 8 команданың: Алатау, Көксәйек, Төлеби, Әкімдер командалары жеңіске жетіп, келесі 1/2 кезеңге жолдама алса, қалған командалар сайыспен қоштасты.

Алдағы уақытта сайыс өз жалғасын тауып, жеңімпаздар ½ финалға шығып, қорытындысымен толық жеңіске жеткендер ауданның 90 жылдығына арналған қорытынды мерекелік концертте ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда “Шаға” жағажайы ашылды

admin

Мені жазушылық еңбекке жетелеген 32-жылғы азап

admin

Кентау: Тамыры терең, тағлымы мол, айтары айқын, мақсаты нақты — Тамыз кеңесі»

admin