Ордабасы: аудан әкімі жеңімпаз жерлесімізді қабылдады
Жуырда АҚШ-ның Техас штаты Даллас қаласында Ушу Саньда жекпе-жек түрінен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Марат Ақниет қола жүлдегері атанған болатын.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев мұхит асып ел намысын қорғаған чемпион Марат Ақниет және оның жаттықтырушысы Азат Оразбайды арнайы қабылдап, құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Әрі жеңімпаз қыздың жетістіктері спортты жанына серік еткен жасөспірімдерге үлгі екендігіне тоқталып, жерлесіміздің алдағы байрақты бәсекедегі сапарына сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, Ушу Саньда спорт түрінен ұйымдастырылған чемпионатта 75 кг салмакта 80 елдің спортшылары қатысса, елімізден 6 спортшы барып, 1 күміс 3 қола иеленіп, командалық есепте еліміз 16 орынға тұрақтады.
Жерлесімізбен бір салмақта Египет, Тунис, Ливан мемлекетінің атақты спортшылары өнер көрсеткен.
Марат Ақниет мұнан бұрын да облыстық, республикалық , халықаралық чемпионаттарда жеңімпаз атанып жүрген кәсіби спортшы.