Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде 52-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға көтерілген, бұрын 66-орынға ие болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов хабарлады.

Жалпы үздік 50 елдің қатарына кіру – стратегиялық мақсаттардың бірі. Бұл туристерге ыңғайлы болуы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді, — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Еске салайық, бұған дейін Бозжыра әлемдегі ең үздік 10 шөлдің қатарына енгені хабарланды.

Сәйкес жаңалықтар

Ата-ана назарына: ІІМ жол апаттарының алдын алу туралы ролик жариялады

admin

Састөбе мен Түлкібас кентіндегі және Майтөбе ауылындағы ауруханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастыратын болады

admin

ШЫМКЕНТ: «Нұрсәт» тұрғын алабындағы үйлердің аулалары мен аллея қоқыстан толығымен тазартылды

admin