«Нашақорлыққа жол жоқ» форумы Төлебиде өтті
Төлеби аудандық полиция бөлімінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты форум өтті.
Форумға аудан әкімінің аппарат басшысы Жорабек Сазанбеков, полиция бастығы Бауыржан Зиятаев, прокурор Дастан Мырзағали, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Беглан Айдаралыұлы, жеке құрам қызметкерлері, медицина сала мамандары, ардагерлер, мәдениет үйінің қызметкерлері жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты.
Шараның басталуы мәдениет үйі өнерпаздарының «Нашақорлыққа жол жоқ» атты сахналық көрінісімен ашылды. «Нашақорлық-әлемді алаңдатып отырған ең күрделі мәселенің бірі» екендігін көрсетіп, жас өрендердің есінде қаларлықтай әсер берді.
Форумның спикерлері қазіргі қоғам дертіне айналған есті алатын есірткі заттарына деген тәуелділікті, есірткінің талай жанның тағдырын тәлкі еткендігін баяндай отырып, өткізіліп жатқан форумның маңызын түсіндіріп өтті. Шара соңында әр бір мектеп оқушыларына «Мен есірткісіз болашықты таңдаймын» деген кітапшалар таратылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі