Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысының полициясы 30-дан астам білім мекемесінің қауіпсіздігін тексерді

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдегі бірқатар білім беру ғимараттарының терроризмге қарсы қорғалуын тексеруде.

Мәселен Түркістан облысының полициясы Мақтаарал ауданының Ғ.Мүсірепов мектебіне барды. Білім ошағына орналастырылған «дабыл батырмасын» басып, қызметін бақылады. Дабыл болған кезде полиция нарядының неше уақытта келетінін және қалай әрекет жасайтынын тексерді. Аталған оқу орындарындағы бейнекамераларды қарап шығып, бекітілген күзет қызметкеріне жүктелген жауапкершіліктерді түсіндірді.

Сондай-ақ анықталған кемшіліктер бойынша кешен басшылығына нұсқамалар беріп, уақытылы жоюды тапсырды. Полиция департаментінен барған басшы құрам бірнеше күнде 30-дас астам обьектіге тексеру жүргізді.

Сонымен қатар кешен қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігі маңызды екенін және түрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзетудің реттілігін айқындап берді. Департамент бастығының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда 15 мыңнан астам жас колледжде тегін оқитын болды

admin

Түркістан облысында үйінің ауласына есірткі еккен тұрғын анықталды

admin

Облыс әкімі Қаратау қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

admin