Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция ескертеді: айыппұл төлеуді ұмытпаңыз!

Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Яғни тәртіп сақшылары «Автоураган» жылжымалы кешендері мен «Қорғау» жүйесіндегі деректер базасы арқылы әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің көлігін тоқтатып, төленбеген берешектерін тексеруде.

Сонымен қатар рейд кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтыруда. Ал айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көліктері айыптұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге айыппұлды мобильді қосымшаларда немесе екінші деңгейдегі банктердің кассаларында төлеуге болатындығын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысында су тасқынына дайындық жүргізілуде

admin

ШЫМКЕНТ: Каратау ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

admin

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы түскі үзілістен кейін тікелей эфирде жалғасты

admin