Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

“Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу бәрімізге міндет” атты форум арыс ауданында болып өтті.

Арыс ауданында полиция бөлімінің ұйымдастыруымен “Нашақорлық -қауіпті індет, алдын алу бәрімізге міндет” тақырыбында ауқымды форум өтті.

Ауқымды шараға полиция, әкімдік, прокуратура, білім бөлімінің қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

Форумда Полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Батырханұлы баяндама жасап, жыл сайын полицияның бастамасымен республика аумағында 7 мыңға жуық есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар форум барысында Арыс қаласының бас имамы Қазыбаев Қажымұқан Арыс аудандық прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі Әбдірахманов Темур Әбдірахманұлы, Арыс аудандық сотының төрағасы Умаров Сапархан Сүйіндікұлы нашақорлық жайында баяндама жасап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ауқымды шара кезінде жастарға арнап нашақорлыққа тәуелділік пен оны таратудың зияндылығы мен заңдылығы туралы роликтер көрсетілді.

Сәйкес жаңалықтар

Мақтаралда мәжіліс депутатының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті

admin

Түлкібаста Республика күніне орай кіші футболдан турнир өтті

admin

Қазақстандық делегация «Қытай-Орталық Азия» ғылыми-техникалық форумына қатысты

admin