Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ҚҚС: Зейнетақы, жалақы мен жәрдемақы өсе ме?

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин зейнетақы мен жәрдемақының өсуіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Вице-министрдің айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуімен зейнетақы және жәрдемақыны индекстеу үшін 600 млрд теңге бөлінеді.

Жаңа Салық кодексі аясында біз ҚҚС мөлшерлемесі өссе, қосымша 2,5% инфляция болатынын айттық. Бұл бізге зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге мүмкіндік береді. Иә, ол да (бюджет қызметкерлерінің жалақысы – ред.) бар. Инфляцияның өсуі индекстеуге негіз болып саналады, — деді Азамат Әмрин.

Нақты параметрлер 2026 жылы республикалық бюджетті жоспарлаған кезде белгілі болады. Ведомство басшысы бұл мақсатқа 600 млрд теңге бағытталатынын нақтылады. Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте 300-ден астам көшенің атауы өзгертілмек

admin

Үйін тартып алған

admin

Алматыда саябақтар аумағына 45 млрд теңге бөлінеді

admin