Кентау: Жандос Тасов: тәуелсіздік мерекесін ауыл тұрғындарыда сезінуі қажет

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен қала әкімдігі аппаратының жиыны өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Жиынды жүргізген қала әкімі Жандос Тасов күн тәртібінде тұрған 3 мәселе бойынша баяндамашыларды тыңдады.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт, денешынықтыру бөлімінің басшысы Ж.Жақаев алдағы 16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған бағдарламаларды баяндады.

Қала басшысы еліміз үшін маңызы зор мерекені ауыл тұрғындарыда сезінуі қажет деді. Сол себепті де ауыл әкімдері тиісті бөліммен бірлесіп, мерекеге дайындықты жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев 2023 жылдың 10 айына Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысының орындалуы бойынша ақпарат берді.

Қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалауға техникалардың дайындығы туралы қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Н.Көкенов баяндады.

Аппараттық жиында қала басшысы әрбір баяндамашыны мұқият тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді. Әрбір тапсырманы хаттамаға енгізіп, бақылауға алуды қала әкімідігі аппаратына тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ