Арыс: қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Арыс қалалық әкімдігінің кіші залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы Жебел Достанов жетекшілік еткен жиынға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Қоғамдық кеңес мүшелері мен тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде алғаш болып .«Арыс қаласының Ішкі саясат бөлімінің 2023 жылы 10 айда атқарған жұмыстары туралы» бөлім басшысы Жомарт Жамбылбекұлы атқарылған істер мен жеткен жетістіктер туралы баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Әрі қарай «Қалалық білім бөліміне қарасты мекемелердің қысқы маусымына дайындығы туралы мектептердің балабақшалардың жағдайы туралы толық есебін тыңдау бойынша» Білім бөлімінің бас маманы Береке Таскынбаев баяндады.
Одан кейінгі мәселе: «Мәдениет саласына қарасты спорттың барысы туралы» қалалық мәдениет бөліміне қарасты «Спорт бөлімі» сектор меңгерушісі Қанат Нарбаеков атқарылған жұмыстар мен жетістіктер жайлы баяндады.
Кездесу барысында кеңес мүшелері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды.