Келес: Жәнібек Ағыбаев халық санын 20 млн-ға жеткізген сәбилер мен аналарды құттықтады

2023 жылдың 14 қарашасында Қазақстанда халық саны 20 милллионға жетіп, тарихи оқиға тіркелді. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев «Абай» Келес аудандық ауруханасына барып, еліміздегі халық санын 20 млн-ға жеткізген сәбилер мен аналарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтарын табыстады. 

– Ауданымызда жыл сайын орта есеппен 3,5 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бүгінгі күні  елімізде тарихи оқиға орын алып, халқымыздың саны 20 миллионнан асып отыр. Осы қуанышты өздеріңізбен бөлісейін деп арнайы келіп отырмын. Қолдарыңызға алған сәбилеріңіз ел үмітін ақтайтын үлкен азаматтар бола берсін.  Өз кезегінде аналарымыздың денсаулығына бей-жай қармай бар мүмкіндігін іске салатын ақ халытты дәрігерлерімізге алғысымды білдіргім келеді. Біз дәрігерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз, олар күн сайын жүздеген мың науқастарды қабылдайды, миллиондаған жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетеді, мыңдаған күрделі операциялар жасайды, сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектеседі.  Баршаларыңыздың шаңырақтарыңызда сәби үні естіліп, бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін, – деді аудан басшысы.

Келес ауданы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 3 мыңға жуық нәресте дүние есігін ашқан. Ал аудандағы «Алтын алқа», Күміс алқа» атағын немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған сонымен қатар, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен мараптталған 5 524 ана тұрса, көп балалы аналардың саны – 14 мыңнан асып жығылады. Келес ауданындағы отбасылардың 80 пайызы – көпбалалы отбасылар болып табылады.

ПІКІР ЖАЗУ