Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

 Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған шешім Үкіметтің 20 желтоқсандағы қаулысымен қабылданғаны аталып өтті. 

Қордың хабарлауынша, енді директорлар кеңесінің құрамында сегіз мүше бар. Ал оның төртеуі — тәуелсіз директорлар. 

Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. 

«Самұрық-Қазына» қоры мұндай құрылым корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келетінін және стратегиялық шешімдерді теңгерімді қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын. 

Сәйкес жаңалықтар

Арыс: «Жарқыра менің жұлдызым» атты ән кеші өтті

admin

Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны артып келеді

admin

ШЫМКЕНТ: Пандустар мүмкіндігі шектеулі жандарға қатер төндірмеуі керек

admin