Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Тоқаев балалардың шығармашылығын шыңдайтын орталықта болды

 Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады.

Бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоба балаларға заманауи білімді, технологияны, мәдениет пен спортты қолжетімді етуге бағытталған. Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжым жұмысына табыс тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

admin

«Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша өтінім қабылдау басталады

admin

Депутаттар өңірдегі спорт нысандарының құрылысымен танысты

admin