Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны артып келеді

Түркістан облысында Кәсіпкерлікпен айналыстан адамдар саны артып келеді. Небәрі 8 айдың ішінде жаңадан 15 мың кәсіпкерлік субъектісі құрылып, шағын және орта бизнестің саны 160 мыңға жетіп отыр. Кәсіпкерлікті жүргізу үшін өңірде қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Бизнес үшін қаржылай қолдау шаралары да қолжетімді. «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары кәсіпкерлерге үлкен серпін беріп жатыр. Осы бағдарламалар арқылы кәсіпкерлер 17 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиелерді пайдаланды. Жалпы, бағдарламаларды орындау бойынша өңір республикада алғашқы үштіктің қатарында келеді. Бұдан басқа жергілікті деңгейде жас кәсіпкерлер және стартап жобаларды қолдау үшін қажетті бағдарламалар қабылданған. Мәселен, кәсіпкерлер жаңадан құрылған «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген 6%-бен несие ала алады. Бүгінде бұл мүмкіндікті кәсіпкерлер ұтымды пайдаланып, 1,8 млрд. теңгеге қаржыланып отыр. Сондай-ақ, «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы 20-дан астам стартап жаңа жоба үлкен бизнес өкілдерінің қолдауына ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

Күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.

admin

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров аумақтық бөлімшелердің басшыларымен кеңес өткізді

admin

Түркістан облысында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы жалғасуда

admin