«Дикий Арманның» серіктесі Қайрат Құдайбергенді кім қорқытып жүр?

Танымал кәсіпкер, депутат, қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген өзіне әлдекімдердің сес көрсеткенін айтты.

Ол осыған дейін еліміздегі букмекерлік кеңселер мен ғаламтордағы құмар ойын түрлерін мүлде жабу туралы петиция дайындаған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, ол осы петицияны дайындағаннан кейін, оған белгісіз біреулердің атына ашылған әлеуметтік парақшалардан қорқытулар түсе бастаған.

Букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноларды, ғаламтордағы ойын алаңдарын жабу туралы петицияны жариялағаннан кейін, маған түрлі қорқытулар келе бастады. Оларды қойшы, мен үйреніп кеткенмін. Мен ештеңеден қорықпаймын,

дейді Қайрат Құдайберген.

Қәсіпкер құмар ойындар алаңын жабу туралы петицияны 1 ақпанда жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жарияланған петицияда, құмар ойындарды қоғамымыздың бір бөлшегіне айналғаны туралы, тіпті олардың жарнамаларынан көз сүрінетіні жазылған.

«Олардың қызметі сіздің қазақстандықтардың еңбекқор болуы керек деген сөзіңізге қарсы келеді. Букмекерлік кеңселер шын мәнінде казино принципімен жұмыс істейді. Букмекерлік кеңселер казино сияқты тек белгіленген қалалаларда емес, Қазақстанның барлық қалаларында бар. Тез байығысы келетін жастар осы кеңселерді жағалайды», — делінген петицияда.

Тәуелсіз зерттеулерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 350 мыңнан астам адам букмекерлік кеңселердегі ойын түрлеріне бәс тігеді. Бір ойыншының орташа қарызы — 10 млн теңге. Ал, әрбір 10 отбасының 7-еуі — құмар ойындардың салдарынан ажырасқан.

ПІКІР ЖАЗУ