Қазақ жігіті тойда төстартқыш тағып билеген

Әлеуметтік желілерде төстартқыш тағып сән көрсеткен жігіттің видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбадан оның әйелдердің сөмкесін ұстап, бетін бояп, той үстінде сызылып сән көрсеткенін көруге болады. Әзірге тойдың қай өңірде болғаны және сән көрсеткен жігіттің кім екені белгісіз. Ал желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынап тастады.

«Бір ақсақал болмады ма, мынаның басына бір қоятын?», «Тойда күлдірем деп осынша масқара болуға бола ма?», «Тамаданы жауапқа тарту керек, бейәдеп ойын ойнатқаны үшін. Ақырзаманның белгісі ғой» деп жазды көпшілік

ПІКІР ЖАЗУ