Бәйдібек: ауданда ұлттық валюта теңге күні аталып өтті

Бүгін аудан орталығында Ұлттық валюта – теңге күні мен Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті.

Аталған шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Ерлан Нұрмаханов мерекемен құттықтап, еліміздің қаржы жүйесінің дамуына және нығаюына, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне Түркістан облысы әкімінің, облыстық қаржы басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

Мерекелік шарада аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан мен «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақбала Құлымбет қаржы саласының қызметкерлеріне өздерінің мерекелік құттықтау тілегін білдіріп, сала үздіктерін аудандық мәслихат пен партияның облыстық және аудандық филиалының алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шарада облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның әнішелірі мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ПІКІР ЖАЗУ