“АУЛА СЫПЫРУШЫ КИНОАКТЕР…” немесе “жол-жөнекей” тележобасы

Әсет Омаровтың өмірі мен өнері қым-қиғаш, шым-шытырыққа толы. Ол, киноактер, драматург-сценарист, аудармашы. Шойбек Орынбайдан бастап, Бақытжан Алдиярға дейінгі ақын-жазушылардың біршама шығармасын орысшаға аударған жан. Сондай-ақ, “Алдаркөсе-Шымкентте”, “Үнсіз махаббат” сияқты киноларға сценарий жазды. Қазақстан ұлттық телеарнасында көрсетілген “Өмірдің өзі новелла” сериалында рөлді сомдаған кәнігі актер. Табиғи дарын иесі. Өте қарапайым. Шығармашылық жұмыстан бөлек жан бағу үшін Кенбаба саябағында және Шымкент қуыршақ театрында бір мезет “Аула сыпырушы” болып жұмыс істейді. Және өнерлі балаларды актерлік шеберлікке баулитын үйірмеде дәріс береді. Біздің “Жол-жөнекейдің” кейіпкерлері әр алуан. Енді міне, көппен әңгімелескен Көпен көше сыпырушымен де “жол-жөнекей” сөйлесіп келе жатыр…

“Шымкентфильм” ұсынады!

ПІКІР ЖАЗУ