Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарТехнология

Freedom Inside форумы цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіретінін көрсетеді

9 сәуірде Астанада Freedom Inside халықаралық форумы өтеді. Іс-шараны Freedom Holding Corp. ұйымдастырады. Бір пікірталас алаңында бизнес визионерлері, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, инвесторлар, кәсіпкерлер, креативті индустрия өкілдері және технологиялық жаңашылдар бас қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баяндамалардың бір бөлігі компанияның халықаралық стратегиясына арналмақ. Сондай-ақ форум қатысушылары цифрлық сервистердің дамуы мен технологиялық өнімдер нарығын талқылайды. Сонымен қатар компания Freedom цифрлық экожүйесінің дамуына қатысты жаңалықтарды таныстырады. Бұл экожүйе компанияның қаржылық және технологиялық сервистерін біріктіріп, пайдаланушыларға Freedom SuperApp қосымшасы арқылы қолжетімді.

Форум спикерлерінің қатарында Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, америкалық NVIDIA технологиялық компаниясының ТМД елдері бойынша бизнес дамыту жөніндегі өңірлік директоры Антон Джораев, Astana Hub негізін қалаушы және CEO-сы Мағжан Мадиев бар.

Іскерлік бағдарламадан бөлек, форум қарым-қатынас пен идея алмасуға арналған кеңістік ұсынады: қонақтарды интерактивті аймақтар, технологиялық демонстрациялар және кәсіби нетворкинг мүмкіндіктері күтеді. Барлығы 30-дан астам спикердің сөзі жоспарланған. Пікірталастар Тәуелсіздік сарайындағы екі сахнада өтеді.

Форум бағдарламасы мен билеттер туралы толық ақпарат freedominside.kz сайтында.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында биыл құны 152 млрд теңгеге жуық 62 инвестициялық жоба жүзеге асады

admin

Собака разорвала руку мужчине в Павлодарской области

admin

Түркістан: Келесте 2023-2025 жылдары жалпы құны 51 млрд. теңгеге инвестициялық жобалар іске асады

admin