«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Жедел профилактикалық іс-шара – ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, орын алған қылмыстарды ашу болып табылады.
Осы ретте, Кентау қаласы полиция бөлімінің Криминалды полиция қызметкерлері қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналған интернет-алаяқтықтан сақтану қажеттігін ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі