Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция оқушылармен бірге жол көлік оқиғаларының алдын алуда

«Өмір қымбат десеңіз, жол ережесін сақтаңыз!» дәл осындай ескерту суреттері бар жапсырма қағаздарды дайындаған патрульдік полицейлер Сарыағаш қаласындағы орталық трассаға жұмыс жасады.

Онда жүргізушілерді тоқтатып, жол ережесін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ арнайы дайындалған көрнекілікті көліктерге жапсырып шықты.

Оған қоса С.Ысмайлов мектебінің оқушыларымен бірге жылдамдықты асырмау бойынша 15 метрлік жаднаманы адамдар көп шоғырланған аймақтарда алып жүрді.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты-жүргізушілер арасындағы тәртіпті қалыптастырып, жол қозғалысына асқан жауаптылықпен қарауға дағдыландыру, ой салу.

Мұндай шараларға белсенді қатысқан жас буын алдағы уақытта жол тәртібін бұзбайтын, трассада қателік жібермейтін ұқыпты жүргізушілер болады деген сенімдеміз!

Жалпы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар облыс тас жолдарында күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқаруда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысының полицейлері тұрғынның ауласынан 62 келі қарасора тапты

admin

Мұсылмандар Тоқаевтан Қазақстанда қара жұмаға тыйым салуды сұрайды

admin

Түркістан сахнасында жас таланттардың облыстық ән байқауы өтті

admin