Ақтау әуежайында 15 мың долларды шетелге әкетпек болған қазақстандық ұсталды

Ақтау әуежайында Қазақстан азаматы декларацияланбаған валютамен ұсталды. Бұл туралы «Лада» басылымына Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Қазақстандық азамат Ақтаудан Грузияға декларацияланбаған 15 мыңнан аса долларды заңсыз алып кетпек болған. Ер адам қамауға алынды. Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылған. Заңсыз ақша тасымалдауға ұмтылған жігіт ҚР азаматы болып табылады. Қазіргі уақытта ақшаның белгілері анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Мән-жайды анықтау барысында ұсталған азамат Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. 15 650 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған валютаны әкету әрекеті анықталды», — деді Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері.

 

ПІКІР ЖАЗУ