Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Президент Мемлекеттік Хатшының өкілеттігін өзгертті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Zakon.kz»-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы қызметтерінен бөлек енді мемлекеттік хатшыға мынандай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста президенттің мүддесін көздейді;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
  • Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша жұмысты үйлестіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы мына қызметтерді атқарады:

1) Қазақстан Республикасының президентіне ішкі саясат саласындағы стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;

2) мемлекет басшысының атынан мемлекет басшысының мүддесін қорғайды:

  • Қазақстан Республикасының парламентімен және оның палаталарымен, өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста;

халықаралық қатыныстарда;

3) мына қызметтерді үйлестіреді:

  • әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша жұмыстарды: білім, ғылым, мәдениет және спорт;
  • Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялардың, Азаматтық комиссиялардың жұмысын;
  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын;
  • Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;
  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;
  • Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия жұмысын;
  • Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмысын;
  • Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын;

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын.

4) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;

5) Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, 2022 жылғы 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тарту шешімін құптайды

admin

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2654-ке дейін өсті

admin

Шымкентте Қарулы күштердің тәрбиешілер күні атап өтілді

admin