Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері белгіленді

«Олимпиадаға дайындалу үшін Үкімет тарапынан бар жағдай жасалған. Мәдениет және спорт министрлігі ҰОК бірігіп, бірнеше рет үлкен жиналыстар өткізіліп, Олимпиадаға баратын командалардың дайындығын нақты бақылауда ұстап тұр. Атап айтсақ, Қазақстаннан 34 спортшы 8 спорт түрінен 87 лицензия алған болатын. Облыстарға бөлсек, ең көп спортшы Шығыс Қазақстан облысынан (9) және Алматы қаласынан (8), қалғандары басқа өңірлерден 3,4,1 спортшыдан көзделіп отыр. Фристайл, могулдардан барлық спортшылар – Шығыс Қазақстан өкілдері, өздеріңізге белгілі, олар – біздің ең басты үміттеріміз», – деді С. Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді. Онда жалпы саны 109 медаль сарапқа салынады. Жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да болады.
1-орын – 250 мың АҚШ доллары (109 млн 129 мың 500 теңге);

2-орын – 150 мың АҚШ доллары (65 млн 477 мың 700 теңге);
3-орын – 75 мың АҚШ доллары (32 млн 738 мың 850 теңге).
XXIV Қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан 34 спортшы (87 лицензия) шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

ПІКІР ЖАЗУ