Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды

Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Абай облысының полицейлері ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді. Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты. Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сәйкес жаңалықтар

Құттықтау

admin

Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті

admin

Төтенше жағдайлар вице-министрлері Жетісу облысында болды

admin