Мемлекет басшысы үш ардагерге “Халық қаһарманы” атағын берді
Үш ардагерге Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі берілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін оларға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — “Халық қаһарманы” атағы мен айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және “Отан” ордені берілді, деп хабарлайды
Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.
— 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке (марқұм);
— 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Александр Александрович Несмияновке (марқұм);
— 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменовке (марқұм) тапсырылды.