Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Сенат Конституциядан «Назарбаев нормасын» алып тастауды қолдады

Сенат «Референдум туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліске қайтарды. Оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін бекітуге қатысты шектеу алып тасталады.

Сенаторлар Конституциялық кеңестің ұсынысын ескерді, деп хабарлайды Экспресс К.

Кеше Конституциялық кеңестің мүшелері Ата заңымызда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін белгілеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келген еді.

Бүгін Сенат депутаттары Конституциялық кеңестің кешегі қорытындысын ескере отырып, референдумға қатысты заң жобасын қайта қарап, өзгеріс енгізді. Заң жобасы Мәжіліске жіберілді,

— деді депутат Ләззат Сүлеймен.

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен
Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен

Енді референдумда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының мәртебесіне қатысты мәселе талқыға түспейді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандықтар тарапынан “Қазақстан халқына” қорына ұсыныстар берілді

admin

Су тасқыны – 2025. Бозымбаев батыс өңірдегі ауылдардың жағдайымен танысты

admin

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

admin