ҰОС ардагерлеріне ақша беруден Қазақстан ТМД бойынша нешінші орында?

  Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 387 ардагер қалған.

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 278 адамға аз, деп хабарлайды Экспресс К.

Мереке қарсаңында ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі. Мұндай бір реттік көмекті соғысқа қатысы бар өзге де азаматтар ала алады.

  • “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгісімен марапатталған азаматтар — 60 мың теңге
  • Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері — 60 мың теңге
  • Кәмелетке толмай тұрып концлагерь тұтқыны болғандар — 100 мың теңге
  • Тыл еңбеккерлері — 30 мың теңге

Осы орайда Экспресс К ТМД елдеріндегі ҰОС ардагерлерінің қанша ақша алатынын зерттеп көрді.

  • Өзбекстанда 12 миллион сум (478 766 теңге)
  • Әзірбайжанда 750-1500 манат (196 800 — 393 600 теңге)
  • Қырғызстанда 15000 — 20000 сом (80 000 — 107 000 теңге)
  • Украинада 900 — 4120 гривен (13000 — 60 800 теңге)
  • Ресей 10 000 мың рубль (62 000 мың теңге)
  • Тәжікстан 1500 сомони (53 800 теңге) алады.

Мұндай бір реттік көмек бұрынғы Кеңес одағы елдері арасында Түрікменстан, Беларусь, Армения, Грузия, Эстония, Литва және Латвияда берілмейді.

ТегтерҰлы Отан

ПІКІР ЖАЗУ