Түркістанда түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Түркістан қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2022 жылға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған қалалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері бас қосты.
Топ мүшесі Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы Мұстафаева Ұлжалғас Әбенқызы Жолдауға қатысты Сонымен бірге, қалалық әйелдер алқасының мүшесі Р.Сержанова Жолдауда қамтылған өзекті де өткір мәселелерге тоқталып өтті.
Мәдениет үйінің директоры Шамет Лиза Төлегенқызы Жолдауда қамтылған бастамалар бағытында атқарылып жатқан жұмыстар легін тақырыпқа арқау етті. Еркін форматта өткен жиында қатысушылар пікір білдіріп, елдің бірлігі жолында жұдырықтай жұмылып, қызмет етуге әркез әзір екендіктерін жеткізді.