Түрмеден келген хат

Алматыдағы ЛА 155-18 тергеу изоляторындағы танысымнан осындай көмек сұраған хат келді. Жандос Қарсыбаев қаңтардағы қақтығыс кезінде митингке барған.

Сол жерде аяғынан оқ тиіп, туыстарына хабарласып, ауруханаға апарып тастаған. Содан бері жігіттен хабар жоқ. Дәрігерлер “қайда екенін біз білмейміз, науқастарды ұрлап кетті” деген.

Әйтеуір іздеп жүріп тергеу изоляторынан тапқан. Хатта жазылғандай темір торда 70-ке жуық жігітті ұрып-соғып ұстап отыр. “Аманат” қоғамдық комиссия мүшелерінен тергеу изоляторына барып, анық-қанығын біліп, көмектесуді сұраймын. Репост жасап, таратуларыңызды өтінемін.

Суреттен Жандос Қарсыбаевтың ешқандай террорист емес екенін дәлелдейтін, жұмысынан берілген анықтама суреті”,-деп жазды журналист Гүлбану Әният

ПІКІР ЖАЗУ