Қазақстанда алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді

Өңірлік экологиялық саммит – Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында бастамашылық жасаған және халықаралық қоғамдастықтың кең қолдауына ие болған халықаралық оқиға.
Саммит Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өткізіледі, сондықтан БҰҰ жүйесінің бейінді агенттіктері оны дайындауға және өткізуге белсенді қатысады. ЮНИСЕФ, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік және Халықаралық энергетикалық агенттік сияқты ірі ұйымдармен негізгі сараптамалық және мазмұнды қолдау көрсетеді. Олардың қатысуы тұрақты дамудың жаһандық басымдықтарын ескере отырып, саммиттің күн тәртібін қалыптастыруға және озық халықаралық тәжірибеге сүйенуге мүмкіндік береді.
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.
Саммит қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы бірлескен декларациясы қабылданады деп күтілуде. Қабылданған шешімдерді іске асыру құралы ретінде БҰҰ агенттіктерімен бірлескен Орталық Азияның тұрақты болашағына арналған өңірлік іс-қимыл бағдарламасы әзірленеді. Бағдарлама саммиттің негізгі бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды қамтиды, – деді Ошурбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Саммитке қатысу үшін қазірдің өзінде 2800-ден астам адам тіркелген, оның ішінде 1 032-сі – шетелдік қатысушылар. Сондай-ақ 93 жоғары деңгейдегі қонақтың, оның ішінде мемлекет басшыларының, халықаралық ұйым жетекшілерінің, министрлер мен делегация басшыларының қатысуы күтіледі.




