Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жамбыл: облыс әкімі жылуға жауапты мекемелердің мәселесімен танысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар жылу энергетика кешендерін аралап, қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.

Ербол Қарашөкеев ең алдымен «ТаразЭнергоОрталық» АҚ-да болды. 58 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетіп отырған мекеме шаһардың 80 пайызын жылумен қамтамасыз етеді.

Бюджет есебінен, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның РК-4 қазандығына қосымша қазандар сатып алуға 932,8 млн. теңге бөлінді.

 Облыс әкімі орталықтың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысып, жауаптыларға жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқарылуын бақылауға алуды тапсырды.

Сәйкес жаңалықтар

Мақтаарал ауданында “Құқықтық мәдениет және оның маңызы” тақырыбында ашық сабақ өтті

admin

Алика Мұхамадиева әлеуметтік желіде алауыздық тудырғаны үшін сотталды

admin

Түлкібас: қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

admin