Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау — басты міндет

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 05 наурыздағы №001 pq қаулысымен партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылдың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 8 тармағы бойынша, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылды, ал 9 қарашадан бастап сараланған (дифференцированный) тариф енгізілді, яғни қолма — қол төлем 100 теңгені, электронды төлем 70 теңгені құрайды.

«Төлем» жүйесімен көлік карталарының 4 түрі қарастырылған: стандарттық ( жалпы пайдалануға ), мектеп оқушыларының, студенттік және жеңілдік. Карталар «Имран», «Грамад» сауда үйлерінде, «Зерде» дәріханаларында сатылады. Мектеп оқушылары мен жоғарғы оку орындарының студенттері төлем картасын алу үшін t.me/TolemCardRegisterBot (TelegramBot) арқылы тиісті мәліметтерді жолдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дайын карталарын алу үшін 2 офис ашылды. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, қоғамдық көлікті бақылау жүргізетін І — Kolik мобильді қосымшасы әзірленіп, «PlayMarket», «AppStore» бағдарламаларында тестілеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Полицейлер спорттың бірнеше түрінен жарысқа түсті

admin

Сауран секторының жыл басынан бергі көрсеткішіне тоқталсақ…

admin

Астанада қандай көшелер салынады

admin