Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «e-Qonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылды

Шымкент қаласына келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда. Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «e-Qonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылған болатын.

Ақпараттық жүйе арқылы мегаполиске келген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе «егов» порталына кіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады. Бұл туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған жүйе. Бүгінгі күнге дейін базада 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген.

Жалпы Шымкентте 120 орналастыру орны бар. Оның жетпісінде, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер және демалыс үйлері тәжірибеде қолданып келеді. Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған.

Сәйкес жаңалықтар

БҰҰ басшысы сауда соғысының әлемдік экономикаға төндіретін қауіптері туралы ескертті

admin

Түркістан облысында «Мамандығым – болашағым» жобасы іске қосылды

admin

 Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев пен қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, ақпараттық саясат және оны дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты

admin