Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ – 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдер 9-20 қыркүйек аралығында қабылданады.

Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.

Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар:
— Медиа
— IT-жоба
— Креативті архитектура
— Туризм саласындағы креативті қызметтер
— Қала бренды
— Гастрономия (Шымкент дәмі)

Басты талап:
— Жобаның сапасы
— Креативтілік пен өзектілік
— Авторлық жоба (плагиат емес)

Жобалар бейнеролик, макет немесе слайд түрінде қазақ/орыс тілінде презентация және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)), бір автордан 3 жобаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 8-25 қыркүйек арасында арнайы сайтта орналасқан арнайы анкетаны толтырып, [email protected] поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Отырарлық тұрғындардың тілегі жүзеге асырылуда

admin

Ерте араласу бөлімшесі мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді

admin

Аяқ киімінің ішіне есірткі жасырған шетелдік азамат ұсталды

admin