Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

23 сәуірде Ыстамбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі тіркеліп, артынан афтершоктар жалғасты. Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда. Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.

Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз, — делінген СІМ мәліметінде.

Сәйкес жаңалықтар

Қазығұрт: «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

admin

Семейдегі Абай мешіті маңына жерүсті өткел салынуда

admin

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Таразда

admin